Павлодар облысында автожолда көлік апаты орын алды
Ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 сәуір күні тас жолдың Екібастұз-Шідерті учаскесінде болған.
Шідерті трассалық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы шақырту түскен бойда апат орнына жетті.
– Жолаушылар көлігін басқарған 35 жастағы ер адам дөңгелектің жарылуына байланысты көлік тізгініне ие бола алмай, жол қалқаншасына соқтығысқаны анықталды. Дәрігерлер зардап шеккенді тексеріп, қажетті көмек көрсетіп, оны Екібастұз қалалық ауруханасына көшірді, – деді мамандар.
Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады.