Павлодар облысында басты қазақ газетінің шыққанына 95 жыл толды

Павлодар облысында басты қазақ газетінің шыққанына 95 жыл толды
Фото: Валерий Бугаев

«Saryarqa samaly» газетінің ең алғашқы саны 1929 жылы шыққан болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар өңірінің басты қазақ газеті – «Saryarqa samaly» басылымының қадірлі оқырмандарымен қауышып келе жатқанына 95 жыл толды. Осылайша, әкеден балаға дәстүр бойынша табыс етілетін қара шаңырақтың бір құндылығына айналғаны жалған емес.  

1929 жылдың 15 ақпанында «Кеңес туы» газетінің алғашқы саны белгілі түркітанушы ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың ұйымдастыруымен басылып шыққан болатын.  Кейінірек 1930 жылдары атауы «Колхоз» болса, 1938 жылдан «Қызыл ту» болып  аталған. 

1979 жылы «Қызыл ту» газеті «Құрмет белгісі» орденін, 2000 жылы Президенттің қолынан Алғыс хат алды, 2014 жылы «Алтын жұлдызбен» марапатталды. 2022 жылдың 28 қазанында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған «URKER» жалпыұлттық журналистика конкурсында жеңімпаз атанып, «Үздік өңірлік БАҚ» сыйлығын иеленді. 

Бүгінгі таңда облыстық газеттің бас редакторы – Нұрбол Жайықбаев. Редактордың орынбасары – Құндыз Қабылденова. Өңірде орын алып жатқан жайттарды хабарлап, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп жүрген шолушылар мен тілшілер – Нұржайна Шодыр, Гүлжайна Түгелбай, Алтынбек Мұқышев, Торғын Оразалы. Айдана Боранбай. Одан бөлек газеттің өңін келтіріп безендіретін қызметкерлер – Санитас Иманғазина, Нұрлан Жанарбаев, Маржан Шекенова, Аспандияр Бекмырза, Есенжол Исабек.  Газет бетінде жарық көретін   мәтіндерді оқып, (грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді түзететін)  түзететін редакция мамандары – Айман Иманғазина мен Замзагүл Оспанова.