Павлодарда экоклуб таныстырылды
«GREENPVL» клубын «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мақсаты – деректі фильмдерді көру арқылы жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық санасын қалыптастыру.
«Greenpvl» экоклубы «Ассамблея жастары» қызметінің жаңа тақырыптық бағыттарының бірі болып табылады. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының жас белсенділері кіреді.
Жастардың алдында белгілі эколог ғалымдар сөз сөйледі. Бұдан кейін барлығы бірге режиссер Ян Артюс-Бертранның «Дом» ғылыми-танымдық фильмін тамашалады. Туынды планетаның сұлулығын және адамның ғаламшарға келтіретін зияндардың салдарын жою туралы көрсетті. Соғыстардың салдары, экологиялық апаттар жер үшін үлкен қауіп-қатер әкеледі.