Павлодар облысында «Браконьер» шарасы басталады

Павлодар облысында «Браконьер» шарасы  басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті 1-28 ақпан аралығында жедел профилактикалық іс-шара өтетінін хабарлайды.

Тәртіп сақшылары браконьерлікті анықтау үшін аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарды патрульдейді. Соның ішінде аң аулау үшін аймаққа келген шетелдіктерді тексереді. Жолдардағы патрульдер қару мен патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру құжаттарының, сондай-ақ аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау құқығына тиісті құжаттардың болуын тексереді.