Павлодар облысында бір айда елу борышкер табылды
Олар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысының аумағында прокуратура органдары уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» атты ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Олардың мақсаты – борышкерлерді анықтап, жауапкершілікке тарту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу шараларын қамтамасыз ету.
Тек соңғы айдың өзінде 156 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, қарыз күткендерге 38 мүлік берілді, 30 автокөлік айып тұрағына қойылды, 23 борышкер жұмысқа орналастырылды, 50 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Бекітілген кестеге сәйкес, рейдтік іс-шаралар мен пәтер аралау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.
Мемлекет кірісіне төленетін міндеттемелердің және алимент өндірудің орындалу мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.