Павлодарда автобус жүргізушісі мектеп оқушысын көліктен қуғаны үшін жазаланды
Жасөспірім қызда мектеп карточкасы болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде жергілікті желіде маршруттық такси жүргізушісі жасөспірім қызды түсіріп кеткен бейнежазба жарияланды.
– Полиция қызметкерлерімен тексеріс жүргізілді. Аталған көлік құралының жүргізушісі анықталды. Оған қатысты заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған қызды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік айыппұл салынды, – деді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда Мемлекет басшысы сәуірде қол қойған әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Сонымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-1-бөлігімен толықтырылды. Енді заңды өкілінің еріп жүруінсіз келе жатқан 16 жасқа толмаған адамды қоғамдық көліктен күштеп түсіргені үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram