«Саяхат соқпақтары»: Шарбақты ауданының қасиетті жерлері көрсетіледі

«Саяхат соқпақтары»: Шарбақты ауданының қасиетті жерлері көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шара Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің күніне орай өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.                                                                                          

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапхана: стереотиптер мен форматтарды өзгертеміз» атты Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің күні аталып өтеді. 

Шарбақты ауданының кітапханашылары ауданның тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен ынтымақтастықта жұмыстың жаңа форматын ұсынады.

Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, кенептегі акварель, гипстегі акварель кескіндемесі, Шалдай борының сыйлықтары, өздері дайындаған тәттілер, Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС және «Абай» ЖШС өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ал «Ертіс орманы: саяхат соқпақтары» көрмесінде Шарбақтының қасиетті жерлері, өңірдің туристік көрікті орындары туралы ақпарат, кәдесыйлар мен жарнамалық өнімдер ұсынылады.

Айта кетейік, қонақтар пластинография, пескография, қыш жасау, алмас мозаика, футболка декоры бойынша шығармашылық шеберлік сағаттарына қатыса алады.