Павлодар облысында дауыл салдарынан тұрғын үйлер жарықсыз қалды

Павлодар облысында дауыл салдарынан тұрғын үйлер жарықсыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зақымдарды жою үшін апаттық бригадалар құрылып, жедел штаб ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22 қаңтар күні өңірде секундына 20-25 метр жылдамдықтағы қатты дауылды жел соғып, электр желілеріне зақым келтірді. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар электр қуатынсыз қалды.

Электр желілеріндегі зақымдарды жою үшін «ПЭТК» АҚ-ның 53 жедел бригадасы – 188 адам және 51 техника бірлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар, компанияда апаттық бригадалар құрылып, жедел штаб ұйымдастырылды.

– Компанияда апаттық бригадалар құрылып, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорының төрағалығымен жедел штаб ұйымдастырылды, – деді «ПЭТК» АҚ бас директорының орынбасары Алексей Толстых. – Дауылдық ескерту басталғаннан бері сағат 18:00-дегі мәліметке сәйкес, 73 зақым анықталды, оның 67-сі жойылды.

Апаттық жұмыстар барысында табиғи жағдайлар қосымша қиындықтар туғызды. Жабылған жолдар арнайы техниканың қозғалуына кедергі келтірсе, мұзды екпінді жел жөндеу жұмыстарын қиындатты.

– Таңертең жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады, себебі мамандарды зақымдарды жою үшін мұнараға көтеру қауіпті болды. Тек сағат 14:00-ден кейін желдің екпіні басылып, біз зақымдарды жоюға және осы желіден қуаттанатын өндірістік нысандарды қосуға кірістік, – деп мәлімдеді «ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженері орынбасары Юрий Волошанин.

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AO "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" (@aopavlodarenergo)