Павлодарлық зауыт аумағынан 30 миллион теңгеге металл ұрланды

Павлодарлық зауыт аумағынан 30 миллион теңгеге металл ұрланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпорын қызметкерлері күдіктілер тізімінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады.

– Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді. Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды, – делінген хабарламада.

Олардың іс-әрекеттерінен кәсіпорынға 30 миллион теңге сомасында шығын келтірілді. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодтары бойынша тергелуде.  

Ішкі істер министрлігі өндіріс объектілерінде ұрлық жасаудың схемаларын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.