Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні түнде аймақтың батысында, солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстігінде және шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Павлодар қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.