Павлодарда сервистік орталықтардың мерекелік жұмыс кестесі жарияланды

Тұтынушыларға төлемдерді Kaspi.kz, Halyk мобильді қосымшалары және kassa24 терминалдары арқылы жүргізу ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусым күні барлық сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді.
7 маусымы, сенбі күні келесі мекенжайларда орталықтар қызмет көрсететін болады:
Павлодар қаласы:
- Кривенко көшесі, 27 – сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін;
- Ломов көшесі, 160 – сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін;
- Ак. Сәтбаев көшесі, 101 – сағат 9:00-ден 13:45-ке дейін.
Ақсу қаласы:
- Вокзал көшесі, 11 және Камзин көшесі, 33 – сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін.
Төлемдерді ыңғайлы жүргізу үшін «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшаларын, сондай-ақ «Astana Plat» ЖШС-ның (kassa24) төлем терминалдарын пайдалануды ұсынамыз.
Жеке кәсіпкерлер компания қызметтері үшін төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылы деректемелер бойынша жүргізе алады.