Павлодар облысында арзандатылған дизель отынын жеткізетін оператор таңдалады
2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 25,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл көктемгі дала жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
2024 жылғы көктемгі егіс алқаптарын өткізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдануда.
– Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 271 493 теңге/тоннаны немесе 228 теңге/литрді құрайды. Өтінімдер басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады, – деп жазылған хабарламада.
Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар облысы, пошта индексі 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61, үшінші қабат, 305-кабинет, тел: 8(7182)32-22-26, электронды мекенжайы: kense.dsh@pavlodar.gov.kz
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе құжаттар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жұмыс органы өтінімді қабылдамайды.
Қосымша ақпаратты ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтынан баспасөз орталығы бөлімінен немесе сілтеме бойынша алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-depagri/press/news/details/691250?lang=kk