Павлодар облысында егістіктің жай-күйі қандай?

Мамандар майлы мен дәнді дақылдардың түтіктену мен масақтану кезеңін бақылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған жұмыс тобы Павлодар облысының негізгі астықты өңірлерінде дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің жай-күйін анықтау мақсатында іссапар жүргізді.
Жұмыс тобының құрамына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, аумақтық инспекцияның, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, ғылым өкілдері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мамандары кірді.
Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша дәнді дақылдар түтіктену шығу және масақтану кезеңінде егістіктің жай-күйі 75 пайызы, яғни жақсы, ал 25 пайызы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Ал майлы дақылдар бойынша бүршік жару және гүлдену кезеңіндегі жай күйі 95 пайызы жақсы, ал 5 пайызы қанағаттанарлық деңгейде деген тұжырымдама жасалды.