Павлодар облысында екі көлік қойларды қағып кетті
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына себеп болған қойлардың иесі анықталып, жауапқа тартылды.
– 19 қыркүйекте Павлодар - Қызылорда автожолының 40 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бақылаусыз жайылып жүрген қойлардан екі көлікке зақым келтірілді. «Toyota Chaser» және «Lexus» маркалы автокөліктердің жүргізушілері қойларды қағып кетті, – дейді департаментте.
Қойлардың иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер малдардың кесірінен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда залалды мал иесі төлейтінін, сондай-ақ тұрғындарға жайылым ережелерін қатаң сақтау туралы еске салады.