Павлодар облысында есірткі бизнесімен күресуге арналған телеграм-бот іске қосылды
Тұрғындар есірткі притондары мен сатушылары туралы ақпаратты анонимді түрде жібере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс прокуратурасы мен полиция департаментінің бастамасы бойынша «Көлеңкелі қаһарман» атты telegram-bot іске қосылды. Павлодарлықтар «Көлеңкелі қаһарманға» есірткі заттарын сақтау орындары, жерасты зертханалары туралы хабарлап, есірткіні қолдануды насихаттайтын жарнамалық материалдар мен граффитиге сілтемелер жібере алады. Өтініш берушілер туралы ақпарат құпия болып қалады.
Телеграм-ботқа кіру үшін QR-кодтар оқу орындарында, медициналық мекемелерде, әкімшілік ғимараттарда, тұрғын үйлерде, билбордтарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, әуежайлар мен вокзалдарда, сондай-ақ қоғамдық көлікте орналастырылады.
Телеграм-боттың сілтемесі: https://t.me/PavlodarPoliceBot