Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцина жеткізіле ме?

Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцина жеткізіле ме?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әзірге өңірде COVID-19 қарсы вакцина қоры жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанованың сөзінше, бүгінгі таңда COVID-19 зертханалық расталған 18 жағдай анықталды. 

– Қазіргі уақытта бізде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина қоры жоқ, алайда аурудың тіркелуі жалғасуда. Облысқа вакцина жеткізу жоспарлануда, бірақ-та оның қашан жеткізетіні белгісіз,– деді Зәмзәгүл Досжанова.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекция ауруы маусымдық сипатқа ие бола бастады. Вакцина 50 жастан асқан, созылмалы аурулары бар және егде жастағы адамдарға ұсынылады.