Павлодар облысында Еуропалық иммундау апталығы басталады
Иммундау апталығы 23-29 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, иммундау апталығының міндеті халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар ету, вакциналаумен қамту деңгейін арттыру болып табылады.
– Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен ұсынылған мерзімдерде профилактикалық егулерді уақтылы алмаған халықтың белгілі бір топтарын вакциналауға бағытталады, – деп жазылған хабарламада.
Еуропалық иммундау апталығы кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.
Вакциналау туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларға хабарласуға болады.