Павлодар облысында фермерлерге киіктерді қорқытпауға кеңес берілді

Павлодар облысында фермерлерге киіктерді қорқытпауға кеңес берілді
pixabay.com/ru/stinaras

Шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының   мемлекеттік инспекторлары және РФ «ПО Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнының Баянауыл тірек пунктінің қызметкерлері 2024 жылғы 4-5 шілде аралығында Баянауыл, Май, Екібастұз, Ақсу аумақтарында ақбөкендер мен арқарларды қорғау бойынша бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізді.   

– Қауіпсіздік шараларының қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. 21 мыңнан астам ақбөкен кездесті, – дейді инспекцияда.

Сондай-ақ рейд барысында шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне киіктерді егістік пен жайылымнан қорқыту үшін заңсыз шаралар қолданбау туралы алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.