Павлодар облысында күн суытады

Павлодар облысында күн суытады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кейбір күндері көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 8 қазанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы -3...+2°С, ал күндіз +13...+18°С-қа дейін жылы болады.

9 қазанда облыстың солтүстік бөлігінде аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +17...+22°С-ты көрсетеді.

10 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы +2...+7°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін көтеріледі. 

11 қазанда облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар түсіп, көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +10...+15°С көрсетеді. 

Сенбіде де жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0...-5°С суық болады. 

Жексенбіде жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С-қа түсіп, күндіз 0...+5°С-қа дейін көтеріледі