Павлодар облысында күздің аяғында жылы күндер әлі жалғасады
17–23 қараша аралығында облыс аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 қарашада күн ашық болады. Түнде шығыс және оңтүстік бөлігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…-6°С, күндіз -1…+4°С-қа дейін көтеріледі.
19 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -1…-6°С, күндіз +3…+8°С-ты көрсетеді.
20 қарашада күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз +1…+6°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
21 қарашада түнде оңтүстік және шығыс бөлігінде қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0…-5°С, күндіз -2…+3°С-ты көрсетеді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін соғады.
Сенбіде қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…+3°С, күндіз +1…+6°С шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, оңтүстікте 15–20 метрге жетеді.
23 қарашада облыстың оңтүстік жартысында қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -3…+2°С, күндіз -3…+2°С-ты көрсетеді. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метрге, ал екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.