Павлодар облысында Жастар орталығына жаңа директор тағайындалды
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар бастамаларын дамыту орталығын Жандарбек Қабдраш басқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Орталықтың мәліметінше, жаңа басшы мемлекеттік жастар саясаты мен қоғамдық даму саласында мол тәжірибеге ие.
Мекемеде оның кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесі орталық қызметінің тиімділігін арттыруға, жаңа бастамаларды іске асыруға және Павлодар облысының жастарын қолдау бағытындағы жұмысты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.