Павлодарда көпірден суға құлаған ер адам іздестірілуде

Бейнекамерасы бар терең сканерді пайдаланып су түбін сканерлеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖД 112 операторының пультіне ер адам көпірден суға құлады деген хабарлама 30 мамырда сағат 10:25-те түскен.
Құтқарушылар дереу шақырту орнына шығып, Усолка шағын ауданының су айдынына іздеу жұмыстарына кірісті. Мамандар сүңгуірлік жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ бейнекамерасы бар терең сканерді пайдаланып су түбін сканерлеуді жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Усолка өзені арнасының екі жағалауына да жаяу тексеру жүргізіліп жатыр.