Павлодар облысында кәсіптік біліктілікті тану орталығын ашу жоспарлануда

Бұл – дипломды танудан құзыретті тануға көшу әдісі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» палатасы бес мамандық бойынша орталық ашуды жоспарлап отыр: техник, программист, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, back-end программист, front-end программист, full-stack программист.
Бұл жоба «Solid group» ЖШС кәсіпорнының базасында жүзеге асырылмақ. Компанияның өзі әр сала бойынша біліктілік бағдарламасын әзірлеген, оның тәуелсіз сертификаттау жүргізу үшін дайындалған мамандар тобы бар.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы IT саласы бойынша салалық жұмыс тобы құрылып үлгерді.
– Мұндай орталық пен оның аналогтарының басты міндеті – кәсіпкерлік субъектілеріндегі адами капиталды дамыту. Осы орталықтар бейресми, өз бетінше алған немесе курстарынан өткен біліктілікті растауға құқылы, – деді кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Абылғазина.
Сонымен қатар, аталмыш орталық ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтардың тәуелсіз сертификаттауын жүргізе алады.
Облыстық кәсіпкерлер кеңесі кәсіптік біліктілікті тану орталығын ашуға келісімін берді.