Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Константин Шелков

Ауа райы қолайсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сенбі күні сағат 11:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, көктайғақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі.

Шектеу келесі автожол учаскесінде енгізіледі:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, Қосақ бекеті, 200–254 шақырым аралығы – Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.

Мамандар, жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жолға шықпауға және ресми ақпаратты қадағалауға шақырды.