Павлодар облысында көлік және сауда көлемі артты
Биылғы жылы қаңтар-қазан айларында өңірде көлік және байланыс саласында оң динамика байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүк айналымы 32,7 миллиард теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 111,4 пайызға жоғары. «Байланыс» саласының нақты көлем индексі 109,1 пайыз болды.
Сауда саласында да өсім байқалады. Бөлшек сауда көлемі 736,5 миллиард теңге, нақты көлем индексі – 107 пайыз, ал көтерме сауда тауар айналымы – бір миллиардан астам теңгені құрады, нақты көлем индексі – 125,1 пайыз.
Сыртқы саудада ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі бір миллионнан астам АҚШ доллары болды. Оның ішінде импорт – 53,1 пайыз, ал экспорт – 46,9 пайызды құрады.
Облыстағы көлік, байланыс және сауда салаларының дамуы экономикалық өсімді қолдап, сыртқы сауда қатынастарын күшейтуге үлес қосуда.