Павлодар облысында картоп пен сәбіз жеткізу бойынша шарттар жасалды

Павлодар облысында картоп пен сәбіз жеткізу бойынша шарттар жасалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келісімнің негізгі мақсаты – халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес картоп пен сәбізді контрактациялау бойынша іс-шара өткізілді. Оған Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды және Алматы қалалары өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының өкілдері қатысты.

–  Бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтармен 11 мың тонна картоп пен 1,1 мың тонна сәбізге алдын ала ниет шарттары жасалды. Негізгі жеткізушілер: «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Агро Логистик» ЖШС, «Корн Агро» ЖШС, «Сүтті ауыл» ФҚ, «Сергей» ШҚ, «Agroterra» ЖШС, «Агросервис Аққу» ЖШС және «Құндыз» ШҚ, – деп жазылған хабарламада. 

Бұл шаралар күзгі-қысқы кезең қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.