«Қазақстан алюминийі» АҚ 2025 жылғы қаржылық есебін жариялады
Тәуелсіз аудиттің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша қаржылық есептілігін ұсынды.
Құжат Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы №404 бұйрығына сәйкес арнайы мақсаттағы қаржылық ақпарат ретінде дайындалған. Есептілік құрамына 2025 жылғы есепті кезеңге арналған бухгалтерлік баланс және тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебі енгізілген.
Серіктестік материал