Павлодар облысында Kásip Zhuldyzy 2025 байқауы бастау алды

Павлодар облысында Kásip Zhuldyzy 2025 байқауы бастау алды
Фото: Константин Шелков

Шара Республика күніне арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бастама өңір экономикасының негізгі салаларында қызмет кететін жас мамандарды қолдауға арналған.

Облыстық жастар бастамаларын қолдау орталығы өкілдерінің хабарлауынша, аймақтық байқау өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, құрылыс және ТҮКШ, медицина және білім беру, көлік және логистика бағыттарын қамтиды.

Өтінім беру үшін ұзақтығы бір минутқа дейінгі мотивациялық бейнеролик, кәсіби жетістіктер портфолиосы және құжаттар топтамасы қажет. Өтінімдер 2025 жылғы 16 қазанға дейін қабылданады. Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38-үй, 101-кабинет.

Әр аталым бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7182) 66-12-41 және +7 707 66 55 803.