Павлодар облысында келесі жылдан бастап зейнетақы өседі
Өңір бойынша зейнеткерлер саны 113 мың адамды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Евгений Губарев мәлім етті.
– Зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшердің 9 пайызына артады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері облыс бойынша 122 188 теңгеден 134 405 теңгеге дейін, оның ішінде базалық мөлшері 38 409 теңгеден 43 261 теңгеге дейін, ортақ мөлшері 83 709 теңгеден 91144 теңгеге дейін ұлғаяды,– деді Евгений Губарев.
Оның сөзінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептік шамалар көтеріледі. Яғни, айлық есептік көрсеткіш –3692 теңге, күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге, ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы-28 215 теңге болып белгіленді.