Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен жас жігіт іздестірілуде
Оның Hyundai Mufasa автокөлігі табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодардағы «VITA» іздеу жасағы мәлімдеді.
Әділет Кендір 2001 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Ол ақпан айының 23-күні Екібастұз қаласындағы Королёв көшесі, 82 мекенжайынан қызыл түсті Hyundai Mufasa автокөлігімен (мемлекеттік нөмірі 605 AXJ 01) шығып кеткен.
Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Әділеттің бойы шамамен 165–170 см, дене бітімі орташа, шашы қара. Қолында сағат және арабша жазуы бар мөр жүзік болған. Ал үстінде сұр күртеше, жасыл спорттық костюм, қара спорттық аяқ киімі бар.
- Іздестіру барысында жоғалған азаматқа тиесілі автокөлік табылды. Жас жігітті іздеуге полиция қызметкерлері, еріктілер, туыстары мен достары жұмылдырылды, - делінеген хабарламада.
Еріктілер өңір тұрғындарынан көмек сұрайды. Берілген кез келген ақпарат маңызды екенін ескертеді.
Қосымша ақпаратты WhatsApp арқылы немесе төмендегі телефондарға хабарлауға болатынын еске салады:
+7 775 130 71 16
+7 778 295 97 55
+7 747 615 55 63.