Павлодар облысында халықтың табысын арттыру жоспары әзірленеді
Құжат көктемде ұсынылуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыс орындарының жартысынан астамы – тұрақты жұмыс орындары.
Бірнеше жыл бойы облыста 4,8 пайызды құрайтын айтарлықтай төмен жұмыссыздық деңгейі сақталған болатын. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында Асайын Байханов айтты.
Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылғы барлық әлеуметтік міндеттемелер толық орындалды.
63 ірі кәсіпорын 57 мың қызметкердің жалақысын 21 пайыздан жоғары өсірді. Өңірдегі орташа жалақы мөлшері өткен жылы 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20 пайызға жоғары болды.
– Дегенмен, жұмысшылардың 10 пайызы орташадан екі есе төмен жалақы алады. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – осы санаттағы азаматтардың табысын арттыруға басымдық беру, – дейді Асайын Байханов.
Әкім жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бір ай ішінде орташа деңгейден төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын арттырудың өңірлік жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамдық кеңес отырысында Асайын Байханов тұрғын үймен қамтамасыз ету ең маңызды мәселе екенін атап өткен еді.