Павлодар облысында колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды
Ол телефонды бас бостандығынан айырылған күйеуіне бергісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Polisia.kz ақпараттық медиа порталының мәліметінше, №45 (орташа қауіпсіздік) мекеменің тексеру тобы колонияда мерзімін өтеп отырған ер адамға келген әйелі ұялы телефон өткізбекші болған. Тексеру барысында сөмкесінің қалтасынан телефон, батарейка және қуаттағыш табылды.
– Тұрғындар бірнеше мәртелік ескертулерге қарамастан колонияға тыйым салынған заттарды алып кіруді тоқтатпайды, – дейді №45 мекеме тексеру тобының басшысы Қуаныш Қойшыбаев.
Айта кету керек, әйел азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар бойынша шешімді сот қабылдайды.