Балаға дөрекілік көрсетті: Павлодар балабақшасының директоры жазаланды

Балаға дөрекілік көрсетті: Павлодар балабақшасының директоры жазаланды
Фото: Константин Шелков

Ол 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Самал» оңалту орталығында қызметтік тергеу жүргізді. Былтыр бірінші қыркүйекте болған жағдайды зерттеген еді. Аталған департамент басшысының орынбасары Гүлнар Үздембаеваның сөзінше, бұл орталықта кадр мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды. 

– Оқиға болған кезде тәрбиешінің көмекшісі еңбек демалысында болған әріптесін алмастырды, –деп түсіндірді спикер. –Кадр мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды.  Педагог кадрларды курстық даярлаудан және аттестаттаудан өту мерзімдері сақталмады. 

Аталған бұзушылықтар үшін шағын орталық басшысына 10 АЕК – 34 500 теңге айыппұл салынды. Топ тәрбиешісі сотқа дейінгі тергеу кезінде жұмыстан шеттетілді.

Еске сала кетейік, жақында «Самал» оңалту орталығында балаларға дөрекілік танытып жатыр деп ата-аналар шағымданған еді. Тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шығарды. Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.