Павлодар облысында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды
Шаруалар билікке жер сұрақтары бойынша жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың кәсіпкерлер палатасы Тереңкөл ауданы мен Железин ауданы әкімдерінің бизнес өкілдерімен кездесулеріне қатысты.
Кәсіпкерлердің жеке қабылдауларын аудан әкімдері Азамат Маңғұтов пен Айтуған Шайхимов өткізді. Олар жергілікті аграршылар мен бизнес өкілдері айтып берген барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді.
Сондай-ақ, Железин ауданында «Атамекен» ӨКП-ға кәсіпкерлер өздерінің бизнес субъектілеріне жер учаскелерін қалай және қандай тәртіппен ресімдеу керектігі туралы сұрақпен келді. Олар Павлодар облысындағы және Железин ауданындағы кәсіпкерлер палатасы мәселені шешумен айналысатынын атап өтті.
– «Атамекен» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хат жолдады, – дейді Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мұсағит Омаров.
Сонымен қатар, Тереңкөл кәсіпкерлері «Атамекен» Палатасының аудандық филиалына елді мекен жерлерін басқа санатқа, яғни босалқы жерге ауыстыру туралы ұқсас сұрақ қойды. Бірқатар ауылдық округтерде ауылдар жойылды, ал онда бизнеске берілген жерлер бұрынғы санатында қалды.
Бұл мәселені олар көптен бері көтеріп келеді. Аталмыш сұрақ шілде айында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов пен «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбеновтің қатысуымен талқыланды.
Алдағы уақытта палата мәселені шешуді өз бақылауында ұстайды.