Павлодарлықтарға кең таралған алаяқтық түрлері айтылды

Павлодарлықтарға кең таралған алаяқтық түрлері айтылды
Фото: облыстық ПД

Шаһарда тәртіп сақшылары тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түсіндіру шаралары, ең алдымен, зейнет жасындағы адамдарға арналып өткізілуде.

Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов электрондық әмияндарға байланысты қаржылық алаяқтық қазір кең таралған түрлердің бірі екенін атап өтті. 

– Келісім кезінде қылмыскер тауар немесе қызмет туралы жалған ақпарат беріп, өзін басқа адам ретінде таныстырады. Мысалы, тегін хабарландырулар сайттарында алаяқтар алдын ала төлемді төлеуді сұрап, оны төлем жүйесінің комиссиясы деп түсіндіреді. Төлем жасалған соң, олар байланысқа шықпай қояды, – деп түсіндірді Ренат Шәріпов.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін мына қарапайым кеңестердің есте сақтау қажет:

– сақ болу және күмәндануға үйрену;

– бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу;

– тек сенімді және тексерілген сервистерді пайдалану.

Жыл сайын алаяқтардың әрекеті жетіліп, сенімдірек бола түсуде – кейде оларды адал адамдардан ажырату қиын. Олар жаңа, күрделі схемалар ойлап табады, сондықтан кез келген адам олардың құрбанына айналуы мүмкін.

Қарапайым сақтық шаралары осындай жағдайлардың алдын алып, қаржылық шығынды азайтуға көмектеседі.

Егер алаяқтардың құрбаны болған жағдайда, дереу 102 нөміріне, Police 102 қосымшасына немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасының direct бөліміне хабарласқан жөн.