Павлодар облысында көбі Астанаға қоныс аударған

Павлодар облысында көбі Астанаға қоныс аударған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл өңірден еліміздің басқа аймақтарына 11040 адам көшіп кетті,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, олардың 52,7% – Астана қаласын, 10,1% Алматы қаласын таңдаған.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облысқа келгендер саны – 8801 адамды, облыстан кеткендер саны 11897 адамды құрады. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 3096 адам.

Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 1072 адам, соның ішінде ТМД елдерінен – 781 адам (56,5% – Ресейден, 26,8% –Түркіменстаннан), ал әлемнің басқа елдерінен 291 (53,3% Моңғолиядан) адам көшіп келді.

Қазақстанның басқа өңірлерінен 7729 адам қоныс аударды, олардың 29,4% – Астана қаласынан, 11,7% – Түркістан облысынан.

Ал облыстан республика шегіне – 857 адам, соның ішінде ТМД елдеріне – 661 адам (97,1% Ресейге), әлемнің басқа елдеріне 196 (91,8% Германияға) кеткен. 

Өңірлік қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырмасы Павлодар (2832 адам) және Екібастұзда (56 адам) байқалады.

Айта кетерлігі, туудың ең жоғары деңгейі Баянауыл ауданында (1000 тұрғынға 16,89 адам) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Железин ауданында (1000 тұрғынға 12,99 адам) тіркелді.

Сонымен қатар тоғыз айында 3537 неке және 1662 ажырасу тіркелді.