Шарбақтыда көшелердің асфальттау деңгейі қашан жүз пайызға жеткізіледі?
Аудан орталығындағы жолдардың үштен екі бөлігі асфальтпен төселген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шарбақты ауданына келіп, маңызды жобалардың қарқынымен танысты. Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұловтың аймақ басшысына ауылдарда жүргізіліп жатқан жол құрылыс жұмыстарын айтып берді.
– Аудан орталығындағы 50 көшенің ішінде 16 көшеде асфальт жоқ. Бұл 12,5 шақырым жолды құрайды. Аталмыш көшелер ұзын емес, қысқа. Бір шағын ауданға жобалық сметалық құжаттаманы дайындап жатырмыз,– деп атап өтті Сержан Иманқұлов.
Бүгінде Арбиген, Хмельницкий, Шегірен ауылдарына кірме жолдарды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық материалдар жеткізілді. Ал бонустық трансферттерден бөлінген қаражатқа Орловка, Алексеевка, Заборовка ауылдарының ішінде көшелерге және кірме жолға асфальт төселеді. Ауылдардағы барлық жобалармен «ИНЭК» мердігерлік ұйымы айналысады.
– Бүгінде аудан орталығындағы бірінші және екінші шағын аудан көшелердің жолы салынып бітті. Кеңес үкіметінен бері жолдар болмаған. Адамдар қиналып жүретін. Қазір олар өздерінің алғыстарын айтуда,– деді Сержан Иманқұлов.
Мердігерлер Шегірен ауылында жұмыстарды аяқтағаннан кейін Шарбақты ауылындағы 1,4 шақырым 8 наурыз көшесін қолға алатын болады. Ол көшеде ресайклинг әдісі қолданылады. Оған 76 миллион теңге бөлінді.
Асайын Байханов жұмыстардың ретін бағалап, аудан басшылығына болашақта көшелердің толықтай қалпына келтіруді тапсырды.
– Шарбақтыда барлық көшелерде асфальт болғандай, ендігі жылы 16 көшені жасап бітрсеңіздер, көрсеткіш толықтай жүз пайызға жетеді. Осындай мақсат қою керек,– деді облыс әкімі.
Жобалармен айналысатын мердігер Тимур Серікпаев барлық барлық жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталатынын жеткізді. Жол салу жұмыстары маусымның аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.