Павлодар облысында мүлік заңда белгіленген тыйымға қайшы сатылған

Павлодар облысында мүлік заңда белгіленген тыйымға қайшы сатылған

Іс сотта қаралып, апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 22 тамыз күні облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкерлердің бірінші сатыдағы, талап қанағаттандырылған сот шешіміне берген апелляциялық шағымдары бойынша түскен Павлодар облысының қаржы басқармасының «А» ЖШС-не, «JR» ЖШС-не сатып алу – сату шартын, жарғылық капиталға сай мүлікті қабылдау мен тапсыру актісін жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша істі қарады. 

- Іс бойынша «А» ЖШС-гі сатып алу, сату шарты бойынша мемлекеттік мүлікті жеке меншікке – демалыс үйінің тұрғын емес үй-жайларын сатып алғаны анықталды. Алайда мүлік заңда белгіленген тыйымға қайшы сатылған. Мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқығы жоқ. Демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды, оны жүзеге асыру қолданыстағы заңнаманы бұзумен жүзеге асырылған, - делінген хабарламада.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекеттік жер пайдаланушының меншігінен шығарылып, «А» ЖШС-не заңсыз берілген, кейіннен ол «JR» ЖШС жарғылық капиталына берген.

Алқаның қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.