Павлодар облысында жүз ауылдық елді мекенде жарық қалпына келтірілді

Павлодар облысында жүз ауылдық елді мекенде жарық қалпына келтірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дауылдың салдарын жою жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні қолайсыз ауа райына байланысты өңірдің 117 ауылдық елді мекенінде электр қуатының өшірілуі тіркелген болатын. 

– Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша өңірдегі 101 ауылдық елді мекенде электр қуаты (8543 абонент) қалпына келтірілді. 16 ауылдық елді мекенде (930 абонент) жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, 65 бригада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақсу ауылдық аймағының, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Аққулы аудандарының кейбір ауылдары жарықсыз отыр.