Павлодар облысында он бір әке жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында он бір әке жүргізуші куәлігінен айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде алимент бойынша қарыздарды өндіріп алу мақсатында «Борышкер» рейдтік іс-шаралары өтуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Акция Павлодар облысының прокуратурасы, полиция департаменті және жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Биылғы жылы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде мемлекет кірісіне 75 миллион теңге өндірілді, ал алимент бойынша 180 миллион теңге өндіріп алынды. Қабылданған шаралар аясында 11 жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылды, – деді облыстық прокуратурада. 

45 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша үкім шығарылды. Борышкерлерге тиесілі көлік құралдарын анықтау және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында бес көлік құралы анықталып, айып тұрағына қойылды.

Сот орындаушылары рейд аясында жұмысқа орналасу мен сот құжаттарын орындау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.