Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады

Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірақ күн 30 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 19 тамызда ауа райы түнде +8...+13°С, ал күндіз +20...+25°С жылы болмақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

20 тамызда жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді. 

21 тамызда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі. 

22 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл соғады. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С , ал күндіз +22...+27°С-ты көрсетеді. 

Сенбіде де жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +11...+16°С, ал күндіз +21...+26°С болады. 

Жексенбіде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Сынап бағанасы түнде +11...+16 °С, ал күндіз +23...+28°С –ты көрсетеді.