Павлодарда темекі тұқылын жерге тастаған тұрғындар камераға түсіп қалды

Павлодарда темекі тұқылын жерге тастаған тұрғындар камераға түсіп қалды
Фото: pixabay.com

Оларға айыппұл салынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесінің бойында жедел басқару орталығының камералары темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған адамды тіркеген. 

Басқа жағдайда бейнекамераның объективіне екі адам түсіп қалған. Олардың біреуі темекі тұқылын бірнеше қадам жерде қоқыс жәшігіне емес, белгісіз жерге тастаған. Полицейлер тәртіп бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салып, әкімшілік материалдар толтырды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицейлер ұсақ бұзақылықтың 110-ға жуық фактісін анықтады.