Павлодарда оқушылар арасында айтыс өтті

Павлодарда оқушылар арасында айтыс өтті

Екі жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан шараға биыл оннан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқушылар айтысын «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырған. Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысының қалалық кезеңіне 8-11-сынып оқушыларынан 11 оқушы қатысты.

- Айтыстың мақсаты қазақ ағартушыларының әдеби мұраларын оқитын оқушыларды қолдау, оқушылардың қазақ классикалық әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқаудың ережесіне сай, үміткердің поэзияны сүйетін, өз ойын жан-жақты жеткізе білетін, суырып салмалық қасиеті болуы маңызды. Бұл шара 2 жыл өткізіліп отыр. Былтырғы қалалық кезеңге 6 оқушы қатысқан болатын, - делінген хабарламада.

Айтыс 2 аталым бойынша өткізілді. «Тақырыптық айтыста» оқушылар Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның шығармашылық қызметі кезеңіндегі елдегі тарихи оқиғаларды тілге тиек етті. Ал екінші аталым«Қайым айтыс» негізінде өтті.  

Айтыстың қорытындысы бойынша «Қайым айтыста» Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Қайролла Елнұр облыстық кезеңге жолдама алда. Ал «Тақырыптық айтыста» үз оқушы үздік атанды. Олар Қ.Бекқожин атындағы мектептің оқушысы Сұңқар Абылғазы, № 33 мектептің оқушысы Қажет Еркеш және № 7 оқушысы Мадина Ошал аймақтық кезеңде бақ сынайды.

Барлық қатысушылар сертификаттармен ал жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.