Павлодар облысында осы аптада күрт суытады
Ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 9 желтоқсанда қар, боран, облыстың оңтүстігінде, шығысында қалың қар, түнде көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -20...-25°С, облыстың солтүстігінде -28°С- ты көрсетеді.
10 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, боран, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -22...-27°С, облыстың солтүстігінде -30°С, ал күндіз -20...-25°С, облыстың солтүстігінде -28°С-қа дейін төмендейді.
11 желтоқсанда жауын-шашын түспейді. Сынап бағанасы түнде -20...-25°С, ал күндіз -13...-18°С-ты көрсетеді.
12 желтоқсанда да қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -8...-13°С, облыстың солтүстігінде -18°С, ал күндіз -3...-7°С, облыстың солтүстігінде -10°С-қа дейін түседі.
Сенбіде облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, боран болады. Сынап бағанасы түнде 0...-5, ал күндіз -3...+2°С-қа дейін көтеріледі.
Жексенбіде күндіз облыстың батысында қар, боран күтіледі. Ауа температурасы түнде -3...-8°С, ал күндіз 0...-5°С болады.