2 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

2 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз оңтүстік пен шығыста 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, облыста түнде ауа температурасы -11...-16°С, күндіз -6...-11°C көрсетеді, облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауады.

Облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -12...-14, күндіз -7...-9°С көрсетеді. Көшпелі бұлтты болады, қар жауады, боран соғады.

Фото: Константин Шелков