Павлодар облысында рұқсат етілмеген орындарда шомылу фактілері анықталды
Аймақта шомылу маусымындағы қауіпсіздікке қатысты рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері мен Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, су айдындарында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігі, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі туралы ақпарат жеткізілді.
— Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде белгіленбеген орындарда шомылған азаматтар анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды, - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.
Полиция азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.