Павлодар облысында республикалық тас жол жабылады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 21:00-де күннің суытуына байланысты Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі жолда дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады.