Павлодар облысында республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды
Жолды ашу 11 наурызға жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәлімдеді.
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 137–231 шақырым аралығы (Баянауыл ауылы — Қарағанды облысының шекарасы) жабылды. Жолды 11 наурыз күні сағат 10:00-де ашу жоспарланған, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті) барлық автомобильдер үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына алыс жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, қосымша ақпарат алуға шақырады.
Бұған дейін, Павлодар—Астана тас жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық екенін хабарлаған болатынбыз.