Май ауданында жас спортшыны еске алды
Футболдан өткен турнирге он команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы Қаратерек ауылының 21 жасар тұрғыны Мерхат Тайтөленов өмірден өтті. Ол белсенді жас, мәдени-спорттық шараларға қатысып, ауылдың футбол командасында ойнаған.
Оны еске алу мақсатында достары шағын футболдан жарыс ұйымдастырып, жігіттің әкесі Нұрболат Тайтөленовті шақырды.
Турнирге Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.
Үздік үштікке Мүткенов, Қаратерек, Май ауданы және Солтүстік Қазақстан облысының Жалтыр ауылынан келген командалар енді.
Солтүстік Қазақстан облысынан келген Шеризат Табысқан үздік қақпашы атанса, павлодарлық футболшылар Ақтоғай ауданынан Мерхат Қайырбаев пен Май ауданының спортшысы Әділбек Зияда үздік қорғаушы және шабуылшы атанды.