Павлодар облысында республикалық жолды жөндеді

Павлодар облысында республикалық жолды жөндеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу суық қайта өңдеу әдісімен және асфальтбетон жабындысымен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Ү.Ақжар – Курчатов қ.» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды құрайтын үш учаскесінде (15-17, 18-25, 34-42 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, жол учаскелері пайдалануға берілді.

Аталған жол Іб және ІІ техникалық санаттарға жатады.

Жөндеу жұмыстарын «ПКФ Гордорстрой» ЖШС мердігер ұйымы атқарып, суық қайта өңдеу әдісін, жол төсемін фрезерлеуді, сондай-ақ асфальтбетон қоспасынан 64 000 шаршы метр және 74 000 шаршы метр аумақта жаңа жабын төсеуді жүзеге асырды.

Бұл жұмыстар жолды нормативтік күйде ұстау, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі мен пайдаланушылар үшін жайлылықты арттыру мақсатында жүргізілді.